Тәж Махалға шектеме

Жаңа ереже осы апта күшіне енеді.

881121
Тәж Махалға шектеме

Үндістан әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі деп есептелген Тәж Махалға кіруге шектеме қояды.

«Indian Express» газетінде шыққан хабарға қарағанда Мәдениет министрлігі Үндістан Археология зерттеу орталығының ұсынысына орай апта аяғында және демалыстарда көп адам келетін Тәж Махалға келуге шектеме қоюға шешім қабылдады. Министрлік ескерткішке бір күнде көп дегенде 40 мың туристің кіруіне рұқсат береді,  зиярат уақыты да үш сағатпен шектеледі.

Жаңа ереже осы апта күшіне енеді.

Тәж Махалдың қақпаларының бірінде бейсенбі күні адамдар кептелісіп, 5 адам жарақат алған еді.

Деректерге қарағанда тарихи ескерткішті көруге күніне 35-40 мың турист келеді.

Бұл көрсеткіш апта аяғында және демалыстарда 60-70 мыңға жетіп жығылады.



Ұқсас жаңалықтар