Мыңдаған жылдық алтын тәж Түркияға қайтарылады

Біздің дәуірімізден бұрынғы 4-ғасырдан қалған тәж қазір Шотландияда.

875397
Мыңдаған жылдық алтын тәж Түркияға қайтарылады

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Түркия жерінен заңсыз шығарылған алтын тәждің жақында Түркияға қайтарылатынын білдірді.

Біздің дәуірімізден бұрынғы 4-ғасырдан қалған тәж қазір Шотландияда.

Министр түрді жолдармен Түркиядан алып қашырылған туындылардың отанға қайтарылуына байланысты жұмыстар жөнінде мәлімдеме жасады.

Министр биыл Түркияға 44 туындының қайтарылғанына назар аударды. «Қазір кезекте Шотландияның Эдинбург қаласындағы алтын тәж бар.  Осы экспонат Кариялықтар кезінен қалған. Дәлелденді.  Ол қазір криминалдық аманат процедурасында тұр» деді ол.

Министр: «Бір туындының елге қайтарылуы көптеген жылдарды қажет етеді. 5,7,тіпті 10 жыл созылуы мүмкін.  Алдымен сол экспонаттың Түркияға тиесілі екенін дәлелдеу,  осыған байланысты эксперттердің анықталуы,  сот процесі және аяғында қатысты елдің осы процеске дайын болуы керек» деді.

Алтын тәж - Анадолының ежелгі Кария аймағына тиесілі бір туынды. Дәулетті бір кісінің қабіріне «өлі сыйлығы» ретінде қалдырылған болуы керек.

Министр елге қайтарылған ең маңызды жәдігерлердің басында Геракл саркофагы келетінін еске салды. Қазір туынды Анталия мұражайында орын алуда.

«Алтын тәж де елге келгенде, Түркияға қосары көп болады.  Әлі кезекте 56 жәдігер күтіп тұр. Олардың барлығын жіті бақылап отырмыз. Кейбіреулері үшін ашылған аукциондарды да жаптырып тастадық. Еліміздің жәдігерлерін отанына қайта әкелу үшін жұмыстарымызды жалғастырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар