2017 жылғы Нобель сыйлығы иелеріне табыс етілді

Биылғы Нобель сыйлығы рәсімі 10 желтоқсанда ұйымдастырылды.

865576
2017 жылғы Нобель сыйлығы иелеріне табыс етілді

Биылғы Нобель сыйлығы рәсімі 10 желтоқсанда ұйымдастырылды.

Нобель сыйлығы әлемдегі ең беделді сый. Медицина, химия, физика, әдебиет және экономика саласында үлкен табысқа жеткендерге Нобель сыйлығы беріледі. Биылғы Нобель сыйлығы рәсімі 10 желтоқсанда ұйымдастырылды.

Швецияның астанасы Стокгольмда өткізілетін сыйлық рәсіміне Карл XVI Густав та қатысып, сыйлықтарды иелеріне табыс етті.

2017 жылғы Нобель сыйлығы физика саласы бойынша Кип Торн, Райнер Вайсс пен Берри Бэрришке бұйырды.

Физикадан Нобель сыйлығы ЛИГО құрылғысы арқылы гравитациялық толқындарды анықтаған Кип Торн , Райнер Вайсс пен Барри Бэришке табыс етілді.

Жак Любоше, Иоахим Франк және Ричард Хендерсон химия саласы бойынша сыйлық алды.

2017 жылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ-тан шыққан ғалымдар тобы-Майкл Янг, Джеффери Холлу және Майкл Росбашқа табыс етілді.

Америкалық профессор Ричард Талер тұтынушылардың іс-әрекеті туралы теорияны дамытуға қосқан үлесі үшін экономика саласы бойынша сыйлық алды.

 Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын түбі жапондық, британ қаламгері Кадзуо Исигуро иемденді.

Рәсімде сыйлық иегерлеріне 9 миллион Швеция Кроны, яғни мөлшермен 900 мың евро және медаль берілді.

Сонымен қатар Норвегияның Осло қаласында бейбітшілік Нобель сыйлығы ядролық қаруға тыйым салу жолында тынбай тер төккен ICAN халықаралық компаниясына берілді.


Этикеттер: #Нобель , #Швеция , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар