Түрік қыздың Будапешттегі концерті

Будапештте аутизмге шалдыққан түрік пианист Берил Зорлуның концерті өтті.

Түрік қыздың Будапешттегі концерті

Венгрияның бас қаласы Будапештте аутизмге шалдыққан түрік пианист Берил Зорлуның концерті өтті.

Юнус Эмре Институты ұйымдастырған «Музыка және кедергісіз сапарым» деп аталатын концертке Түркияның мажар еліндегі өкілетті және төтенше елшісі Шакир Факылы да қатысты.

Концертте Зорлуға Измир қаласы Аутизм оркестрі мен хоры серік болды.

Түрік қызы концертінде түрік музыкасының таңдаулы шығармаларымен қоса классикалық батыс әуендерін де орындады.

Берил Зорлу былтыр Канадада өткен «Әлемдік аутизм фестивалінде» жүлде алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар