Зәйтүннен кофе жасап шығарды

Балыкесирдің Едремит ауданында зәйтүннің кофесі жасалды.

Зәйтүннен кофе жасап шығарды

Балыкесирдің Едремит ауданында зәйтүннің кофесі жасалды.

Едремитте 15 жылдан бері зәйтүн және түрлі өсімдіктен дәрі шикізатын өндіретін бір фирма зәйтүннен кофе жасап шығарды.

Фирманың иесі Фарук Дурукан зәйтүннің ішіндегі пайдалы элементтерді сақтап өңдегендерін, табиғи әдістермен зәйтүн кофесін жасап шығарғандарын айтты.

Зәйтүн кофесінің шипалы екенін тілге тиек еткен Дурукан: «Зәйтүннен кофе әлемде бір жаңалық. Дәмі де керемет, бірақ дәмінен гөрі пайдасы маңызды» деді.

Дурукан мұны нан, сорпа пісіргенде де қолдануға болатынын айтты.

Зәйтүн кофесі нарыққа шықпастан бұрын патент үрдісінің аяқталуын күтуде.



Ұқсас жаңалықтар