Түрік командасы қола медаль алды

Волейболдан әйелдер құрамасы 2017 Еуропа Чемпионатында үшінші орын алды.

818382
Түрік командасы қола медаль алды

Волейболдан әйелдер құрамасы 2017 Еуропа Чемпионатында үшінші орын алды.

Түрік волейболшылар Әзірбайжан командасын 3-1 есебімен жеңді.

Әйелдер арасындағы ұлттық құраманың жаттықтырушысы Гиованни Гюдетти мачтан кейін мәлімдеме жасап,  әсіресе соңғы рет ұлттық формамен сайысқан кейбір спортшылар үшін қатты қуанғанын тілге тиек етті.

Маусымды медаль алу мақсатымен бастағандарын,  соңында медаль алғандарын білдірген жаттықтырушы: «Сондықтан осы нәтиже біздің ойыншылар,  федерация және Түркиядағы волейбол жанкүйерлері үшін өте маңызды.  Түрік құрама командасымен бірінші жылым, жақсы бастадық» деді.

ТР Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак 2017 Еуропа чемпионатында қола медаль алған түрік командасын құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар