Түрік спортшының әлемдік рекорды

Түрік спортшы мүгедектер арасындағы әлемдік кубокта жеңіске жетті.

814411
Түрік спортшының әлемдік рекорды

Ұлттық спортшы Айшегүл Пехливанлар Мүгедектер арасындағы 2017 Нысана көздеу әлемдік кубогының Хорватиядағы сатысында әлемдік рекорд жасап,  алтын медаль алды.

Түркия Мүгедектер спорт федерациясының хабарламасына қарағанда,  Хорватияда өтіп жатқан кубокте әйелдер 10 метр тапаншадан атудан ақтық сайыс болды.

2016 Рио Паралампиада ойындарында қола медаль иеленген Айшегүл Пехливанлар 237,7 ұпаймен әлемдік рекорд жаңартты.

Ирандық және венгр қарсыластарын артта тастаған түрік спортшы алтын медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар