Афиныдағы мешіт көрме алаңы болады

Ал мешітте ғибадат қылуға тыйым салынады.

792463
Афиныдағы мешіт көрме алаңы болады

Грекияның бас қаласы Афиныдағы тарихи Фетхие мешіті реставрациядан кейін туристерге ашылады.  Ал мешітте ғибадат қылуға тыйым салынады.

Афины Тарихи туындылар директоры Элени Бану Фетхие мешітінде қараша айынан бастап ежелгі Афины өркениеттерінің корольдарының өнер туындыларының көрмеге қойылатынын айтты.

Осы көрме 2018 жылы да ашық болады. Бану мешіттің бұдан былай көрмелерге ашық екенін айтты.

Фетхие мешітінің Османлы Империясының жетінші падишасы Фатих Сұлтан Мехмет Хан Афиныға барғанда салынғаны белгілі.

Қала 1835 жылы гректердің қолына өткеннен кейін мешіт мектеп,  қышлақ, түрме,  ұн қоймасы және наубайхана ретінде қолданылып келді. Мешіт 1963 жылы босатылғаннан кейін археологиялық туындылар қоймасы ретінде қолданылды.



Ұқсас жаңалықтар