Әйелдер 1500 метр ақтық сайысы аяқталды

Әйелдер 1500 метрде алтын медальды кениялық желаяқ Faith Chepngetich Kipyegon  алды.

785618
Әйелдер 1500 метр ақтық сайысы аяқталды

Жеңіл атлетикадан 16-шы Әлем чемпионатында әйелдер 1500 метрде алтын медальды кениялық желаяқ Faith Chepngetich Kipyegon  алды.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда өтіп жатқан чемпионаттың төртінші күні әйелдер 1500 метр ақтық сайысымен аяқталды.

Олимпиада чемпионы кениялық желаяқ 4 минут 2,59 секундтық дәрежесімен бірінші рет әлем чемпионы атанды.

2011 жылдың әлем чемпионы АҚШ-тық Jennifer Simpson 4:02,76 дәрежесімен күміс медаль иеленді. Соңғы екі олимпиаданың 800 метр чемпионы Оңтүстік Африкалық Caster Semenya болса 4:02,90 дәрежесімен қола медальды қоржынына салды.



Ұқсас жаңалықтар