Балыкесирде «Сребреница тозағы» атты фотосурет көрмесі ашылды

"Президент Ердоған Иззетбеговичке берген уәдесін орындады".

769069
Балыкесирде «Сребреница тозағы» атты фотосурет көрмесі ашылды

Босния және Герцеговина Федерациясы мұрағаттары директоры профессор Адамир Жеркович президент Режеп Тайып Ердоғанның марқұм Алия Иззетбеговичке Босния және Герцеговина Федерациясын қорғауға уәде бергенін және мұны орындағанын мәлімдеді.

Жеркович Сребреница қырғынының 22-ші жылдығына орай Балыкесирде ұйымдастырылған «Сребреница тозағы» атты Босния және Герцеговина Федерациясы мұрағаты фотосурет көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты. Жеркович ашылу баяндамасында Алия Иззетбеговичтің президент Режеп Тайып Ердоғаннан уәде беруін талап еткенін түсіндіріп, «Иззетбегович Ердоғанға ‘Боснияны қорға. Босния шағын, бірақ жақсы адамдар өмір сүрген бір мемлекет’ деген және осы үшін өзінен уәде беруін сұраған еді. Бүгінгі іс-шараларға қарағанда Ердоғанның берген уәдесін орындағанын көреміз. Президент Ердоған ауруханаға барып, Иззетбеговичтің соңғы күндерінде онымен кездескенін еске салды. Президент Ердоған Иззетбеговичке берген уәдесін орындады» деді.

Жеркович Балыкесир Деврим Эрбилдің Замандас өнер мұражайында ашылған көрмеге де азаматтарды шақырды.



Ұқсас жаңалықтар