Жаужүрек Ертұғрылдың әуеніне арабша сөз жазды

Группаның осы әні араб әлемінде жаңғырық туғызды.

767599
Жаужүрек Ертұғрылдың әуеніне арабша сөз жазды

Ливанда тұратын палестиналықтардың музыкалық тобы «Эмджед» «Жаужүрек Ертұғрыл» теле сериалының әуеніне арабша сөз жазды.

Группаның осы әні араб әлемінде жаңғырық туғызды.

Палестина жөніндегі әндерімен танымал группа Османлы мемлекетінің құрылуы жөніндегі тарихи теле сериал араб әлемінде қызығушылық оятқаннан кейін әуенге «Үмбеттің тірілуі» деген сөз жазды.

Группаның құрушысы Насыр әл Газзави «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалын басталғалы бері тамашалап келе жатқандарын айтып,  сериалдың араб әлеміндегі табысынан кейін әуендерін ерекше бір туындыға айналдыруға шешім бергендерін айтты. Теле сериалдың әуеніне сөз жазудың қиын екенін айтқан Газзави «Үш ақыннан өлең сұрадық.  Палестиналық Хамид Дервиштің өлеңі сәйкесті» деді.

«Үмбеттің тірілуі» атты туындыда үмбеттің бірлігі атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар