Тарихи экспонат заңсыздығына душар болған ел – Түркия
Түркия алып қашырылған құндылықтарын түгендеуде.
757190

ТР Мәдениет және туризм министрі Наби Авджы Түркияның әлемдегі ең ірі ашық ауа мұражайы екенін айтып: «Түркияда шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстіке дейін көптеген өркениет құрылған» деді.
Министр Түркияның сонымен бірге тарихи және мәдени экспонаттардың заңсыз алып қашырылуына ең көп душар болған ел екенін айтты. «Түркия 200 жылдан бері талан-таражға салынып келді. Бүгінгі күні де Еуропаның көптеген беделді мұражайларында Түркиядан алып қашырылған туындылар аукциондарда сатылып, мұражайда көрмеге қойылып келеді» деді.
Женева Университетінде Гераклдің тас табының Түркияға тапсырылғанын еске салған министр осы оқиғаның көптеген елге үлгі болатынына сенетінін айтты.