Анталияға көгілдір байрақ

Осы байрақтардың сегізі Конияалты жағалауына берілді.

755527
Анталияға көгілдір байрақ

Түркияның «көгілдір байрақ» чемпионы Анталияға тағы 12 көгілдір байрақ берілді.

Таза жағажай және яхта порттарының символы көгілдір байрақ Анталия жағалауында желбіреп тұр.

Осы байрақтардың сегізі Конияалты жағалауына берілді.

Көгілдір байрақ – жағажай,  яхта порты және жағалауларға берілетін халықаралық табиғат жүлдесі.

Түркия қазір Испания және Грекиядан кейін әлемдік деңгейде үшінші орында. Түркияда 454 көгілдір байрақ бар.

Ал Түркияның чемпионы болса Анталия.  Анталияда 210 көгілдір байрақ желбіреп тұр.



Ұқсас жаңалықтар