Баскетболдан әйелдер арасындағы чемпионат басталады
Чемпионатта түрік құрамасы да жарысады.

Әйелдер арасындағы 36-шы Еуропа баскетбол чемпионаты бүгін Чехияның бас қаласы Прага және Градец-Кралове қаласында басталады.
Чемпионатта барлығы 16 команда сайысады. Олардың арасында Түркия құрамасы да бар.
Өз топтарында бірінші орын алған команда тікелей ширек финалға көтеріледі.
А және В тобындағы матчтар Градец-Кралове қаласында, С және D тобының матчтары болса Прагада ойналады.
Ширек финалдан кейінгі матчтар Прагада ойналады.
Чемпионатта ширек финал 22 маусым, жартылай финал 24 маусым, ақтық сайыс болса 25 маусым күні болады.
Баскетболдар әйелдер түрік құрамасы В тобында бүгін Түркия уақытымен сағат 16,00-де Словакия, ертең сағат 21,30-да Италия және 19 маусым күні сағат 16,00-де Белоруссия командасымен сайысады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға келген турист саны артты
Түркия биылдың алғашқы 2 айында шамамен 4 миллион шетелдік турист қабылдады.

Гази Университеті "Әлемдік университеттер тізімінде" 27-ші орында
Гази университеті «білім беру және оқыту» саласында 27-ші орынға көтерілді.