Жастар үшін жазғы лагерь

Шетелдерде өмір сүретін жастар үшін Түркияда жазғы лагерь ұйымдастырылады.

742326
Жастар үшін жазғы лагерь

Шетелдерде өмір сүретін жастар үшін 29 маусым-20 қыркүйек күндері арасында Түркияда жазғы лагерь ұйымдастырылады.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB), Сыртқы істер министрлігі және Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен шетелдерде тұратын жастарды Түркияда табыстыратын жазғы лагерьлерге өтініш 9 маусым күніне дейін қабылданады.

YTB –ден алынған мәліметке қарағанда,  шетелде тұратын 18-22 жас арасындағы түрік азаматы немесе көгілдір картқа ие жастар үшін Жастар және спорт министрлігінің жазғы лагерьдерінде арнайы орын бөлінді.

Анталия, Болу, Кыршехир, Трабзон, Токат және Кастамонудағы базаларда болатын жазғы лагерьлер қыздар мен ер балалар үшін бөлек ұйымдастырылады.

Лагерьге келетін жастардың қону, тамақтану мұқтаждықтары министрлік тарапынан қамдалады.  Жастардан ақша алынбайды.

Жастар лагерьлерде садақ ату, өрмелеу,  мини гольф, кано,  рафтинг сынды спорт түрлері,  ойындар, музыка,  театр, фольклор сынды шараларға, мәдени саяхат пен семинарларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Аталмыш лагерьлер шетелдерде өмір сүретін жастардың отанмен байланысының нығаюы үшін ұйымдастырылады.

Жеті күндік мерзімдермен болатын лагерьлерге қатысқысы келетіндер www.ytb.gov.tr/genclikkamplari/  адресінен өтініш бере алады.



Ұқсас жаңалықтар