Эскишехир қалалық ауруханасына халықаралық сыйлық

Эскишехирде құрылыс жұмыстары жалғасқан қалалық аурухана мақтанышқа ие болды.

738334
Эскишехир қалалық ауруханасына халықаралық сыйлық

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жетілдірілген мекемелік-жекеменшік ынтымақтастық моделімен қалалық ауруханалар жүйесіне көшкен Түркияның бұл бастамасы шетелден сыйлықтармен көркейді.

Эскишехирде құрылыс жұмыстары жалғасқан қалалық аурухана мақтанышқа ие болды.

Эскишехир қалалық ауруханасы Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың алдынғы қатарлы қаржы басылымдарының бірі «EMEA Finance» тарапынан ұйымдастырылған «EMEA Finance Project Finance Awards 2016» жүлделері аясында екі сыйлық алды.

Жоба «EMEA» аймағы (Еуроодақ, Таяу Шығыс, Африка) мен Таяу шығыс пен Орта және Шығыс Еуропа аймағының «Үздік денсаулық сақтау жобасы» сайланды.

Жүлде рәсімі 7 маусым күні Лондонда өтеді.

Басқа қалалық ауруханаларда болғандай халықтың қызметіне тегін ұсынылатын 1081 орынды аурухананың құрылыс жұмыстары биылдың соңында аяқталып, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметіне ұсынылмақ.



Ұқсас жаңалықтар