Кілем мотифтері көрмесі

Косовода «Анадолы мотифтерінің тілі» көрмесі ашылды.

728725
Кілем мотифтері көрмесі

Косовода «Анадолы мотифтерінің тілі» көрмесі ашылды.

Юнус Эмер Институты тарапынан ашылған көрме 15 күн бойы қонақтарын күтеді.

Көрмеде мұражайлардағы 23 кілем және алашалардың көшірмелері орын алған.

Бас қала Приштинадағы Алби Мол сауда орталығындағы көрмеде сөз сөйлеген Түркияның Косоводағы өкілетті елшісі Кывылджым Кылыч Косоводағы кілем тоқу курстарынан 40 әйелдің Түркияға жіберілетінін айтты.

Осы кілем тоқу курстары Карабүк және Балыкесир қалаларында өткізіледі.

«Кілем мен алашалар өздері тоқылған дәуірдің сезімдерін,  естеліктерін, құндылықтарын бейнелейді.  Тіпті осындағы мотифтер, материалдар мен қолдану түрлері азаматтар мен қоғамдардың ортақ ерекшеліктерін де көрсетеді. Анадолыда әйелдер махаббаттарын,  сезімдерін кілемге тоқыған» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар