Түрік семсерлесу спортында жаңа тарих жазылды

Әйелдер қылыш командасы Еуропа чемпионы атанды.

721732
Түрік семсерлесу спортында жаңа тарих жазылды

Түрік семсерлесу спортында жаңа тарих жазылды.

U23 Семсерлесу Еуропа чемпионатында әйелдер қылыш командасы семсерлесудің алпауыттары деп есептелген елдерді бір-бірлеп жеңіп,  Еуропа чемпионы атанды.

Белоруссияның бас қаласы Минскте болған Еуропа чемпионатында Түркия атынан тарихи табысқа қол жеткізілді.

Әйелдер қылыш командасы 94 жылдық семсерлесу тарихында бірінші рет Еуропада чемпион атанды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 23 жастан кіші әйелдер қылыш ұлттық құрамасының чемпион атануына орай Түркия Семсерлесу федерациясы басшысы Мурат Аталыны құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар