23 сәуір Балалар фестивалі басталды

Биыл Невшехир қаласында болатын фестиваль «Балалар – болашағымыз» деген тақырыппен өтеді.

716690
23 сәуір Балалар фестивалі басталды

39-шы TRT Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалі басталды.

Невшехир қаласы әкімі Акташ және муниципалитет төрағасы Үнвер TRT фестивалі аясында Түркияға келген балаларды қабылдады.

Биыл Невшехир қаласында болатын фестиваль «Балалар – болашағымыз» деген тақырыппен өтеді.

26 елден келген балалар кеше қала орталығында шерулеп жүріп өтті.

Жүздеген бала қолдарында елдерінің туы,  үстерінде өз ұлттық киімдерімен шеруге қатысты.

Халықаралық деңгейде тойланатын осы мереке балалар арасында достық,  бауырластық пен сүйіспеншілік байланыстарын нығайтып,  бейбіт өмір қалыптастыруға үлес қосу мақсатымен жыл сайын ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар