Бельгиядағы "Түрік ауылы" карнавалы назар аударды

Бельгияның «Түрік ауылы» атымен танымал Файмонвилледе әдетке айналған карнавал қызық өтті.

681425
Бельгиядағы "Түрік ауылы" карнавалы назар аударды
faymonville, belçika, türk köyü.jpg
faymonville, belçika, türk köyü.jpg
faymonville, belçika, türk köyü.jpg

Бельгияда өздерін ғасырлар бойы «түрік» деп атаған Файмонвилле ауылы биыл да ай жұлдызды байрақтармен безендірілді.

Айналадағы ауылдардың қатысуымен ұйымдастырылған карнавал түрік жалаулы ат мінген жігіттердің шеруімен басталды.қызық киімдер киген ауылдықтар ұлттық билермен кортежге қосылды.

Кәмпит пен сусын таратылған карнавалды Бельгия мен көрші елдерден келген көптеген түрік тамашалады.

Ауылдың футбол командасы «RFC Turkania» (Жас түріктер бірлестігі) лигада ай жұлдызды лого типі бар формалармен көгалға шығады. Файмонвилледегі жалғыз қонақүй «Le Vieux» (Бұрынғы Сұлтан) атымен қызмет береді.

Файмонвилле ауылының «түрік ауылы» деп аталуы жайлы 8-ші ғасырға сүйенген әртүрлі әңгімелер бар.

Ауылдықтар крес жорықтарына қатысудан бастартқаны алға тартылса, кең тараған әңгіме бойынша 16- және 17 ғасырда Османлыға қарсы шіркеу қойған салықты төлемеген Файмонвилле тұрғындары мұсылмандармен ынтымақтастық жасағаны себепті «түрік» деп атала бастаған.



Ұқсас жаңалықтар