Күріштің бетіне Стамбулдың суретін салды
Микро өнерпаз Хасан Кале Стамбулды бір дәнге сыйдырды.

Микро өнерпаз Хасан Кале Стамбулды бір дәнге сыйдырды.
Бүгінге дейін 350-ге тарта микро бұйымның үстіне сурет салып атағы шыққан өнерпаз Хасан Кале енді кәді дәні, фасоль және күрішке Стамбулдың суретін салды.
Түрік суретші кейде иненің ұшына, кейде киви жемісінің тұқымына сурет салады.
Ол соңғы рет кәді дәні, фасоль және сынған күрішке сурет салды. Суретінде кемелер жүзіп жүрген теңіз, мешіт және аспанда ұшып бара жатқан шағалаға дейін бейнеледі.
Шетелдерде де Түркияны таныстырған Кале келесі ай Шотландия, Дубай және Нью-Йоркта көрмелерге қатысады.
Ұқсас жаңалықтар

Түрік волейболшы қыздары елге оралды
Ұлттық әйелдер волейбол құрамасы салтанатты түрде қарсы алынды.

Ғарыш көлігі қайта оралды
Салмағы шамамен 250 грамм болатын үлгіні әкелген капсула Юта шөліне келіп қонды.