Түркияның 3 боксшысы финалға шықты

Түркиялық 3 әйел боксшы Еуропа чемпионатының ақтық сайысына шықты.

617104
Түркияның 3 боксшысы финалға шықты

Түркиялық боксшылар Сема Чалышкан (69 кг.), Элиф Гүнери (81 кг.) және Саты Бурджу (57 кг.) әйелдер арасындағы бокстан Еуропа чемпионатының ақтық сайысына шықты.

Болгарияның астанасы Софияда ойналған чемпионатта түрік спортшылар Сема Чалышкан украиналық қарсыласы Татьяна Петровичті, Элиф Гүнери әзірбайжандық боксер Ләйла Жададованы, Саты Бурджу болса белоруссиялық қарсыласы Юлия Апанасовичті жеңді.

Үш спортшы финалға шықса 60 кг. Эсра Йылдыз, 81 кг. Шеннур Демир жартылай финалда жеңіліп қола медальға қол жеткізді.

Ұлттық боксерлер ақтық сайыстар үшін 24 қараша күні рингке шығады.



Ұқсас жаңалықтар