Түрік құрамасы Косовомен ойнайды

Матч Анталияда ойналады.

609002
Түрік құрамасы Косовомен ойнайды

Футболдан түрік құрамасы 2018 FIFA Әлем кубогы іріктеу І тобында бүгін Косово командасымен ойнайды.

Алғашқы үш матчта жеңіске қол жеткізе алмаған, екі матчта тең ойнаған түрік құрамасы Косоводан ұш ұпай алуды мақсат етеді.

Анталия стадионында сағат 20,00-де басталатын матчты Венгриядан Тамас Богнар басқарады.

Түркия құрамасының жаттықтырушысы Фатих Терим Барселонадан Арда Туранды,  Галатасарайдан Селчук Инан, Бешикташ командасынан Гөкхан Гөнүл және Қытайдан Бурак Йылмазды ұлттық құрамаға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар