Швейцария аруы түрік тілін үйреніп жүр

Риндеркнехт түрік тілінің жеңіл екенін айтты.

587442
Швейцария аруы түрік тілін үйреніп жүр

Швейцарияның 2013 жылғы Аруы (Miss Schweiz 2013)  Доминик Риндеркнехт бір жылдан бері түрік тілін үйреніп жүр.

Швейцарияның бір газетінің жазғанына қарағанда, Риндеркнехт түрік тілінің жеңіл екенін айтты.

Түрік әліпбиінде Q, W, X әріптерінің жоқ екенін және Ü мен Ö әріптерінің швейцариялықтар үшін артықшылық екенін айтқан модел түрік тілін оңай үйренуге болатынын атап көрсетті.

Сұлу ару бұдан бұрын Стамбулға келіп, адамдардың не дегеніне түсінбегенін,  осыған өзінің қатты қиналғаннан кейін түрік тілін үйренуге бел буғанын білдірді.

Ол Швейцарияда түрік кәуапшылармен түрік тілінде сөйлесетінін де жасырмаған.



Ұқсас жаңалықтар