Римде түрік сән көрсетілімі

Италияда 13 және 14-ші ғасырларда өмір сүрген «Түрік ойшылы Юнус Емре» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

584888
Римде түрік сән көрсетілімі

Италияның бас қаласы Римде 13 және 14-ші ғасырларда өмір сүрген «Түрік ойшылы Юнус Емре» атты сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сән көрсетілімі бүкіл дүние жүзіне тараған түрік мәдениет орталықтарына есімі берілген Юнус Емренің философиясы және сол дәуірдегі дәстүрлі нақыштардан шабыт алып, жүзеге асырылды. Сән көрсетілімінде Селчук дәуірінің белгісі болып есептелетін сегіз бұрышты жұлдызбен символға айналған мейірім, шапағат, сабыр ету, туралық, құпия сақтау, жомарттық, адалдық, Құдайға шүкір етуге салмақ салынды.

Өз өмірі бойы халықты қолдап, Хақ жолында адал еңбек еткен Юнус Емренің атымен аталатын коллекциядағы киімдердің дизайнында Селчук сәулеті мен өнер туындыларында көзге түсетін күмбез, есік,  терезе,  қабырға және еден әшекейлері мен дәстүрлі түрік өнерлері болып  табылатын каллиграфия,  тезхип, миниатюра мен қалы-кілем нақыштары да қолданылды.

35 киім сәні көрсетілген шараға қызығушылық мол болды.



Ұқсас жаңалықтар