Түрік тілі мерекесіне 46 елден 540 жас қатысты

Мәдениет елшілері Түрік тілі мерекесінде достық пен сүйіспеншіліктерін ортаға қойды.

560909
Түрік тілі мерекесіне 46 елден 540 жас қатысты
2.türkçe bayramı.jpg
nabi avcı, türkçe bayramı.jpg
türkçe bayramı.jpg

Жүрегі түрікше сүйіспеншілігімен толған 46 елден 540 жас Стамбұлда бас қосты.

Мәдениет елшілері Түрік тілі мерекесінде көңіл тілі түрікшенің көркін түсіндірді.

Бүкіл әлемге түрік тілінде бейбітшілік, достық және сүйіспеншілік жолдамалары жасалды.

Шетелдік студенттер түрік тілін үйреніп, түрік мәдениетімен танысуға мүмкіншілік тапты.

Юнус Эмре Институты түрік тілін жақсы көретін студенттерді жазғы мектеп бағдарламасы аясында Түркияда бір ай қонақ етті.

Институт 2009 жылынан бері Түркияны түрік тілі мен мәдениетін таныту, Түркияның басқа елдермен достығын жетілдіріп, мәдени саудасын арттыру мақсадымен жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.

Бағдарламаның финалі Стамбұлда ұйымдастырылған Түрік тілі мерекесімен жүзеге асты.

Рәсімге қатысқан Мәдениет және туризм министрі Наби Авжы «Түрікше мерекесі сондай-ақ террорға қарсы ең жақсы, ең мағыналы жауаптардың бірі. Өйткені террор біздің күнделікті тіршілігімізге, мұндай жұмыстарымызға кедергі болу, мүмкінсіз қылу үшін жұмыстанады. Бұл ‘біз саған қарамастан жақсы жұмыстарымызды жалғастырып, қайырымдылықтарымызды жасаймыз’ деген сөз» деді.

Президенттіктің қолдауымен биыл екінші рет ұйымдастырылған Түрік тілі мерекесі аясында ұлттық билер баршаны тәнті етті.



Ұқсас жаңалықтар