Олимпиадаға қатысатын ұлттық велошабандоздар белгілі болды

Бразилияның бас қаласы Риода өтетін жазғы олимпиадаға Онур Балкан мен Ахмет Өркен қатысады.

527875
Олимпиадаға қатысатын ұлттық велошабандоздар белгілі болды

Олимпиадаға қатысатын ұлттық велошабандоздар белгілі болды.

Бразилияның бас қаласы Риода 5-21 тамыз күндері арасында өтетін жазғы олимпиадаға велосипед категориясында екі орны бар Түркия атынан Онур Балкан мен Ахмет Өркен қатысады.

Велосипед федерациясының төрағасы Емин Мүфтүоғлу Түркия Ұлттық олимпиада комитетіне қосымша екі спортшының атын да білдіргендерін айтты.

Түркияның велосипед саласында бірінші рет 1972 жылы Мюнхендегі олимпиадаға қатысқанын еске салған төраға: «Артынан 2012 жылы бардық.  Енді 2016 жылы екі спортшымен қатысуға жолдама алдық.  Спортшыларымыз Түркия атынан табысты болу үшін дайындықтарын жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар