Гаитиде мешіт ашылды

Түрік Дін істері қоры мешіт салды.

519109
Гаитиде мешіт ашылды

Гаитидің тұңғыш мұнаралы мешіті Boukman Buhara-да ғибадатқа ашылды.

Түркия Дін істері қоры Гаитиде 2014 жылы құрылысы басталған мешітті ашты.

Гаитиде тұратын шамамен бес мың мұсылман аймақта азан даусымен оразаларын ашып,  таравиқ намазын қылуда.

Түркия Дін істері қоры директоры Мұстафа Туткун мешіттердің қоғамның діни,  әлеуметтік және мәдениеті тұрғысынан дамуында маңызды рол ойнайтынын айтты.

Қордың мешіт және білім орталығы құрылыстарының тек Түркиямен шектеулі еместігін айтқан Туткун осы жобалардың әсіресе мешіттері жоқ шетелдердегі азшыл мұсылман қоғамдар үшін пайдалы екенін атап көрсетті.

«Қорымыз аясында қазір 9 елде 17 мешіт құрылысы,  7 елде 24 мешіт жобасы жалғасып жатыр.  Елімізде болса 5 мешіттің құрылысы жалғасуда» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар