Түрік шайы таныстырылды

Италияның бас қаласы Римде түрік шайын таныстыратын көрме ашылды.

516507
Түрік шайы таныстырылды

Италияның бас қаласы Римде түрік шайын таныстыратын көрме ашылды.

Түрік шайын тарихымен бірге таныстыратын көрме Түркияның Ватикандағы өкілетті елшілігінің қолдауымен ашылды.

Түрік кофесі секілді түрік шайына да қызығатын итальяндардың көрмеге ықыласы зор болды.

Шамамен мың шақты экспонат қойылған көрмеге Италияның бизнес,  өнер, саясат және дипломатия әлемінің өкілдері қатысты.

Түркияның Ватикандағы өкілетті елшісі Мехмет Пачаджы «Түріктер шаймен кеш танысқан,  бірақ өте жақын байланыс құрады. Көрмеде осы тарихи байланыс баяндалады. Көрменің Римде ашылуы бізді таныстыру тұрғысынан өте маңызды» деді.

Римде ашылған түрік шайы көрмесі бір ай ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар