Баскетболда Фенербахче чемпион

Фенербахче командасы Анадолы Эфес командасын жеңіп, 2015-2016 жылғы маусымның чемпионы атанды.

510639
Баскетболда Фенербахче чемпион

Фенербахче командасы Баскетбол лигасы play-off финалының алтыншы матчында Анадолы Эфес командасын 91-70 есебімен жеңіп, 2015-2016 жылғы маусымның чемпионы атанды.

Матч Стамбулда болды.

Тарихында тұңғыш лига жеңісін 1990-1991 жылы алған Фенербахче баскетбол командасы 206-2007, 2007-2008, 2009-2010, 2010-2011, 2013-2014 жылдары және 2015-2016 жылғы маусымда да чемпион болды.

Фенербахче соңғы 10 сезонда алты  чемпиондық алып,  маңызды табысқа жетті.



Ұқсас жаңалықтар