Францияда футбол терроры
Жанкүйерлер Англия мен Ресей арасында ойналған матчта үлкен төбелес шығарды.
Еуро-2016 чемпионаты аясында Марсельде көгалға шыққан Англия мен Ресей жанкүйерлері матчтың алдында және аяқталысымен үлкен төбелес шығарды.
Марсельдің туристтер келуші бұрынғы портында басталған төбелесте екеуі ауыр күйде, 6 адам жарақат алды. Ауыр жаралы бір орыс азаматының жүрек қысуынан ауырып, ауыр күйде екені білдірілді. Оқиғада тағы жараланған ағылшын бір жанкүйердің де жағдайы ауыр.
Саны 500-ге жуық жанкүйерлерді бір-бірінен ажырату үшін қысымды су мен көз жасаурататын газ қолданған полиция төбелеспен байланысты 6 адамды тергеуге алды.
Төбелестер матчтың алдындағымен шектелмеді. 1:1 есебімен тең аяқталған ойынның соңында тағы төбелес шықты. Орыс жанкүйерлер матчтың артынан ағылшын жанкүйерлердің трибунасына тұтатқан файерді лақтырып, шабуылдайды.
Тартылған сымдарды қиратқан жанкүйерлер жұдырықтап төбелесе бастады.
Шектен шыққан төбелеске француз полициясы қатал қарсылық көрсетті. Полиция қолданған газ себепті стадиондағы жанкүйерлердің барлығы кетті.
Жанкүйерлердің бір-бірімен және полициямен қақтығысы Марсель көшелерінде жалғасты.
Турнир бастала салып екінші күні шыққан оқиғалар УЭФА-ны қозғады.
УЭФА екі елдің Футбол федерацияларына дисциплиналық тергеу ашты.
Ұқсас жаңалықтар
Шетелдік студенттер Самсундағы Джаник Өздемир Байрактар зерттеу кампусын аралады
Студенттерге ғылым мен технология саласында тәжірибелік сабақтар өткізілді.