Eurovision ән байқауында байрақ дағдарысы

Биыл 61-шісі өтетін Eurovision ән байқауында байрақ дағдарысы шықты.

482222
Eurovision ән байқауында байрақ дағдарысы

Биыл 61-шісі өтетін Eurovision ән байқауында байрақ дағдарысы шықты.

Еуропа хабар тарату одағы тарапынан жарияланған «тыйым салынған байрақтар» тізімі талас болды.

Өткен апта EBU жариялаған тыйым салынған байрақтар тізімі Eurovision ән байқауынан бұрын баспасөздің қолына өтті.

Тізім наразылықтарға жол ашты.

Палестина, Косово, Қырым татар, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Баск байрақтары мемлекеттік байрақ болмағандықтан ән байқауында тыйым салынды.

Оның үстіне бұл байрақтар террор ұйымы ДАИШ-тің байрағымен бір тізімде орын алуда.

БҰҰ-ға мүше 135 ел және Швеция тарапынан танылған Палестина байрағына байланысты наразылықтар артты.

Палестиналық жоғары деңгейдегі өкіл Еуропа хабар тарату ұйымы басшысы Жан Поул Филиппоттың 11 миллион Палестина азаматынан кешірім сұрауы керектігін айтты.

 Eurovision байқауының басшылары наразылықтарға орай тізімнің жарияланбайтынын,  әлі жоба екенін білдірді.

2016 Eurovision ән байқауы Швецияның бас қаласы Стокгольмде өтеді.

Дауыс беру жүйесіндегі әділетсіздікті сынаған Түркия 2013 жылдан бері байқауға қатыспай келеді.



Ұқсас жаңалықтар