Анкара Халықаралық фильм фестивалі басталды.

Азиз Несин атындағы Еңбек сыйлығы режиссер Томрис Гиритлиоғлуна берілді.

480840
Анкара Халықаралық фильм фестивалі басталды.

27-ші Анкара Халықаралық фильм фестивалі кеше басталды.

Продюссер,  режиссер,  актер және өнер қайраткерлерімен бірге киносүйер қауым қатысқан кеште Бүкіләлемдік бұқаралық ақпарат құралдары зерттеу қоры Арнайы сыйлықтарына де тапсырылды.

Азиз Несин атындағы Еңбек сыйлығы режиссер Томрис Гиритлиоғлуна берілді.

Бешикташ Мәдениет орталығының құрушыларының бірі Йылмаз Ердоған «Бұқаралық ақпарат арнайы сыйлығын» атақты актриса Түркан Шорайдың қолынан алды.

«Өнер бәйтерегі» сыйлығын болса суретші Туран Ерол иеленді.

Халықаралық Анкара фильм фестивалінің биылғы тақырыбы – «Дауыс пен көзқарас»

8 мамыр күніне дейін жалғасатын фестивальде 45 елден 197 режиссердің барлығы 213 туындысы көрсетіледі.

Кішкентай кино сүйерлер үшін арнайы қойылымдар болады. сонымен бірге киноматография шеберханалары мен сұхбаттар өткізіледі.

Осы арада ұзын метражды фильм,  қысқа метражды фильм және деректі фильм аталымдарында 368 туынды жарысады.



Ұқсас жаңалықтар