28-ші Халықаралық Сараево Кітап көрмесі есіктерін ашты

Көрмесі аясында «Балканда Әулие Челеби» мен «Босния соғысында 8 күн» тақырыпты сұхбаттары ұйымдастырылды.

477034
28-ші Халықаралық Сараево Кітап көрмесі есіктерін ашты

Түркия ортақ ел ретінде орын алған 28-ші Халықаралық Сараево Кітап көрмесі аясында «Балканда Әулие Челеби» мен «Босния соғысында 8 күн» сұхбаттары ұйымдастырылды.

Билкент Университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасы аға оқытушысы доцент Нуран Тезжан «Балканда Әулие Челеби» тақырыпты сұхбатта атақты саяхатшы Әулие Челебидің 10 томдық «Саяхатнама» атты шығармасының шамамен 5 томының Балкан елдері мен Орталық Еуропа  елдерін тақырып қылғанын еске салды.

Челебидің әсіресе Мелек Ахмет Пашаның азаншысы және хабаршы ретінде осы саяхаттарын жасағанын атап айтқан Тезжан «Бұл аймақты 1651 және 1670 жылдары аралады» деді.

Ақын және жазушы Бешир Айвазоғлу болса «Босния соғысында 8 күн» тақырыпты сұхбатында 1992-1995 жылдары арасында өткен Босния-Герцеговина соғысы кезіндегі естеліктерін жазғанын атап көрсетті.

Соғыс кезінде 1995 жылы Мостарға келгенін атап айтқан Бешир Айвазоғлу қаладағы Коски Мехмет Паша мешітінің зеңбірек оғымен қиратылған мұнарасын көрген кезде терең қайғыға батқанын атап айтты.

Босқын лагерін аралаған соң соғыстың қаншама үлкен қайғыларға себеп болғанын атап айтқан Айвазоғлу Босния-Герцеговина соғысы кезінде аймақты 8 күн аралағанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар