Қызғалдақтан кілем
Дүние жүзінің ең үлкен «қызғалдақ кілемі» Стамбулда Сұлтанахмет алаңында қалыптастырылды.
Дүние жүзінің ең үлкен жанды «қызғалдақ кілемі» Стамбулда Сұлтанахмет алаңында қалыптастырылды.
11-ші Қызғалдақ фестивалі аясында 563 мың қызғалдақтан тұратын 1728 шаршы метрлік аумаққа төселген қызғалдақ кілемі 30 сәуірге дейін ашық болады.
Стамбул қалалық муниципалитетінің төраға орынбасары Ахмет Билал Кыймаз 2005 жылы басталған «Қызғалдақ мекеніне оралады» деген акция арқылы осы жерден көшіп кеткен қызғалдақтың Стамбулға қайта келе бастағанын айтты. Кыймаз қызғалдақтың Стамбулға оралуы арқасында қаланың бейнесінің өзгергенін, жаңа кәсіптер қалыптасқанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ежелгі Эфес қаласына келетін турист саны артты
Тарихи қала осы жылдың 8 айында 1 миллион 854 мың 220 туристті қабылдаған.
Тарихи жәдігер туған жеріне оралады
1982 жылы АҚШ-қа жеткен моншақ Түркияның Бостондағы бас консулдығына тапсырылды.