АҚШ-тың ең үлкен Түрік-Ислам орталығы Мэриленд штатында ашылады

Ашылу рәсіміне президент Режеп Тайып Ердоған қатысады.

461221
АҚШ-тың ең үлкен Түрік-Ислам орталығы Мэриленд штатында ашылады

Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез АҚШ-тың Мэриленд штатында 2 сәуір күні президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ресми түрде ашылатын АҚШ Дін істері орталығын аралады.

Орталық тек қана мұсылмандар емес, әртүрлі мәдениет пен нанымнан топтарға қызмет көрсетеді.

АҚШ-тың тұңғыш Түрік-Ислам орталығы болу ерекшелігіне ие ғимарат ашылу рәсіміне дайын.

Президент Ердоғанның делегациясымен Вашингтонға барған Дін істері басқармасы төрағасы Гөрмез мәдениет жобасы ерекшелігіне ие ғимараттағы дайындықтарды тексерді.

Дін істері басқармасы төраға орынбасары Мехмет Эмин Өзафшар және Сыртқы қатынастар бас директоры Халифе Кескинмен бірге орталық жайлы мағлұмат алған Гөрмез ғимараттың мердігері Мухаррем Хилми Шеналп және құрылыс жұмысшыларымен естелік суретке түсті.

АҚШ-тың ең үлкен Ислам орталығы комплексінде мың 760 адамдық екі мұнаралы мешітке қоса, Түрік-Ислам бағы, Мәдениет орталығы, қонақ үй, конференция залдары, әлеуметтік орындар және спорт кешені орын алады.

16-шы ғасырдың Османлы сәулет өнерімен безендірілген ғимарат мың 879 шаршы метрлік бір алаң үстіне салынды.

Мешіттің астынғы қабаты болса Ислам шығармалары мұражайы ретінде қызмет көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар