Қолбасшылық «Үлкен ақ бір кеме бізді құтқарды» атты қысқа фильм түсірді

Теңіз қауіпсіздік қолбасшылығы Еуропаға заңсыз көшті қысқа фильммен түсіндірді.

451850
Қолбасшылық «Үлкен ақ бір кеме бізді құтқарды» атты қысқа фильм түсірді

Теңіз қауіпсіздік қолбасшылығы елдеріндегі ішкі соғыстан қашып, үмітті басқа жағрапияларда іздеген босқындардың Еуропа жолаушылығын түсіндірген «Үлкен ақ бір кеме бізді құтқарды» атты қысқа фильм түсірді.

Эгей теңізінде заңсыз көштің алдын алу мақсатты қолбасшылық жасаған операциялар Түрік қарулы күштерінің ресми бейне көрініс порталында жарияланды.

«Эгейде Күн шығыстан, үміттер болса кейбіреулер үшін батыстан шығады» сөзімен басталған бейне көріністе үрлемелі қайықтармен Еуропаға өтуге тырысқан заңсыз мигранттар құтқарылған сахналар орын алады.

Бейне көріністе бір баланың «үлкен бір ақ кеме келіп бізді құтқарды» деген сөздері естіледі.

Түрік қарулы күштерінің мәлімдемесінде «Түрік теңіз қауіпсіздік қолбасшылығы заңдардан туындаған жауапкершілігі аясында теңіздеріміздегі заңсыз көштің алдын алу мақсатты өз міндеттері мен жауапкершілігін адам құқықтарын құрметтеу негізінде және үлкен пидақорлықпен орындауда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар