«Османлы детективі: Филинта» сериалы әлем нарығында

ТРТ-нің «Османлы детективі: Филинта» атты сериалы 30-ға жуық елге сатылады.

402614
«Османлы детективі: Филинта» сериалы әлем нарығында

Османлы империясы кезіндегі операцияларды тақырып қылған TRT-нің «Османлы детективі: Филинта» атты сериалы Орташығыс пен Оңтүстік Америкадағы 30 елге сатылды.
Өткен сезон «Османлы детективі: Филинта» атымен көрсетілген сериал екінші сезонда «Филинта – Мыңжылдықтың таңы» деген атпен басталды.
Голливуд технологиясымен түсірілген сахналарымен жоғары бюджетпен түсірілген Филинта түрік теледидар тарихының тұңғыш Османлы детективі болу ерекшелігіне ие.
Коджаели қаласында түсіріліп жатқан сериал Орташығыстан бастап көптеген шетел мемлекетінің назарын аударды.
Сериалдың бас координаторы Мехмет Чобан сериалға бұл сезон жаңа бағыт бергендерін, өткен сезон Галата мен айналасында өткен оқиғалар тақырып қылған сценарийдің жаңа кезеңде бүкіл әлемді қамтитынын атап айтты.
Сериалдың кейіпкерлері Филинта Мұстафа мен Пышақ Алидің Османлыға қарсы жасалған операцияларға қарсы күрескенін, жаңа сериалдарда Еуропадан Орташығысқа бүкіл елдерде сол кезеңдегі бас қалаларда операциялар жасайтынын атап айтқан Чобан «Әрі көрермен тұрғысынан, әрі мазмұны мен сценарийі тұрғысынан аталмыш елдерге тарадық. Сол себепті бұл мемлекеттерден Филинтаға қызығушылық артты. Қазір Филинта сериалы ретінде біз шетелде Орташығыс пен Оңтүстік Америка аймақтарында саудамызды жасадық. Нарығымыз 25-30 елді қамтиды. Дегенмен жаңа елдермен келіссөздеріміз жалғасады. Мақсатымыз шамамен 60 елге сериалымызды сату» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар