ФИФА төрағасы жемқорлықпен айыпталуда

ФИФА (FIFA) төрағасы Йозеф Блаттер туралы қылмыстық-іс қозғалды.

354057
ФИФА төрағасы жемқорлықпен айыпталуда

Швейцарияда ФИФА (FIFA) төрағасы Йозеф Блаттер туралы прокуратура қызметін заңсыз қолданғаны және жемқорлық жасаумен айыптап тергеу ашылды.
Цюрихте өткен ФИФА Атқару кеңесі жиналысының артынан прокуратура ФИФА төрағасы Блаттердің түсініктемесін алды. ФИФА шенеунігінің кеңсесінде тергеу жүргізіп, құжаттар мен ақпараттарды кепілдікке алды.
Блаттерге тағылған айыптар арасында УЕФА (UEFA) төрағасы Мишель Платиниге заңсыз ақша төлеу, Кариб Футбол лигасы мен ФИФА-ның мүддесіне қарама-қайшы келісім жасау да бар.
Блаттердің матчтардың трансляция құқын таныс фирмасына нарықтық бағасынан әлде қайда төмен сатқаны, ФИФА-ның мүддесін қорғамағаны жөнінде қауесеттер де тексерілуде.
Блаттердің қызмет мерзімі ақпан айында аяқталады.
Тергеу себепті Блаттердің 17 жылдан бері жалғастырған ФИФА төрағалығын тастайтыны алға тартылады.
2022 Әлем кубогына қонақжайлық жасайтын Катардан заңсыз ақша қабылдағаны жайлы айыптаулармен де бетпе-бет қалған Блаттер өзіне тағылған барлық айыптарды қабылдамағанын білдірді.
Прокуратура Платинидің түсініктемесін алды, дегенмен қазіргі сатыда тергеуге алынбайтынын білдірді.
Блаттер болса тергеуге алынбады, дегенмен қылмысты табылған жағдайда 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар