«2015 FIFA Алтын доп» сыйлығы 2016 жылы табыс етіледі

Үздік футболшылар анықталатын рәсім 2016 жылы 11 қаңтар күні Цюрихте ұйымдастырылады.

350977
«2015 FIFA Алтын доп» сыйлығы 2016 жылы табыс етіледі

Футбол әлемінің ең абыройлы организацияларының бірі «2015 FIFA Алтын доп» (Ballon d'Or) сыйлығы 2016 жылы 11 қаңтар күні ұйымдастырылатын рәсіммен табыс етіледі.
ФИФА-ның (FIFA) интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда бұл сезон 6-шы рет өтетін жүлде рәсімі Швейцарияның Цюрих қаласында өткізіледі.
Сыйлықты 4 рет алған (2009, 2010, 2011, 2012) Барселонаның аргентиналық футболшысы Lionel Messi мен 3 рет алған (2008, 2013, 2014) Реал Мадридтің португалиялық жұлдызы Cristiano Ronaldo арасындағы бәсекенің осы сезон да жалғасуы күтіледі.
Жүлде рәсімінде жылдың үздік еркек және әйел футболшыларына қоса, «FIFA Жылдың үздік 11-і» (FIFPro World XI), жылдың үздік жаттықтырушысы, жылдың үздік голы, FIFA Puskas мен FIFA Fair Play және FIFA жылдың төрағасы жүлделері де таратылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар