Түрік құрамасының қарсыластары жәребе арқылы анықталды

Түркияның 2018 ФИФА Әлем кубогындағы қарсыластары анықталды.

Түрік құрамасының қарсыластары жәребе арқылы анықталды

Түркия Ұлттық құрамасы 2018 ФИФА Әлем кубогы іріктеуінде I топтағы Хорватия, Исландия, Украина және Финляндиямен ойнайды.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жүзеге асқан жәребеге Ресей президенті Владимир Путин, ФИФА төрағасы Сепп Блаттер және УЭФА төрасы Мишель Платини де қатысты.
Ресей қонақжайлық жасайтын 2018 ФИФА Әлем кубогына қатысу үшін 52 ел күресетін Еуропа іріктеуіндегі топтар былай:
А тобы : Нидерланд, Франция, Швеция, Болгария, Белоруссия, Люксембург;
B тобы : Португалия, Швейцария, Венгрия, Фарер Аралдары, Латвия, Андорра;
C тобы : Германия, Чех Республикасы, Солтүстік Ирландия, Норвегия, Әзірбайжан, Сан-Марино;
D тобы : Уэльс, Австрия, Сербия, Ирландия, Молдова, Грузия;
E тобы: Румыния, Дания, Польша, Черногория, Армения, Қазақстан;
F тобы: Англия, Словакия, Шотландия, Словения, Литва, Мальта;
G тобы: Испания, Италия, Албания, Израиль, Македония, Лихтенштейн;
H тобы: Бельгия, Босния және Герцеговина, Грекия, Эстония, Кипр Понти әекімшілігі;
I тобы: Хорватия, Исландия, Украина, Түркия, Финляндия;
Ресей турнирді ұйымдастырған ел ретінде финал матчына тікелей қатысады.
УЭФА-ның сұранысымен Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания және Нидерланд алты алтыдан құралған топтарда орын алды. Әзірбайжан мен Армения болса екі ел арасындағы келісімсіздік себепті бірдей топқа түсірілмеді.
2018 жылғы футболдан Әлем кубогы Еуропа іріктеу матчтарының алғашқысы 2016 жылы 4-6 қыркүйек күндері, play-off матчтары болса 2017 жылы 9-11 қараша және 12-14 қараша күндері ойналады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар