Түркия құрамасы Бакуде волейболдан чемпион болды

Түркия волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Баку 2015 ойындарында 6-шы алтын медалін алды.

322741
Түркия құрамасы Бакуде волейболдан чемпион болды

Әзірбайжанның астанасы Бакуде жалғасқан 1-ші Еуропа ойындарына волейболдан қатысқан Түркия әйелдер ұлттық құрамасы финал матчында Польша 3-0 жеңіп, алтын медальге қол жеткізді.
Ұлттық волейбол құрамасы бірінші партияда 25-11, екінші партияда 25-19, үшінші партияда болса 25-13 есебімен жеңіске жетті.
Чемпион аталған команданың қуанышына әзірбайжандықтар да қосылды.
Баку 2015 ойындары аясында Түркия 6-шы медаліне қол жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар