Жапонияда «Түрік шеруі»

Токиода түрік-жапон қатынастарының 125 жылдығына орай Түрік шеруі өткізілді.

294238
Жапонияда «Түрік шеруі»

Жапонияның елордасы Токиода түрік-жапон қатынастарының 125 жылдығына орай Түрік шеруі өткізілді.


Юнус Эмре институтының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркиядан арнайы келген Мехтер тобы өз таңбасын басты.


Қаланың танымал ауданы Гинзада өткен түрік шеруі үшін Омотосенто даңғылы көліктер үшін жабылды. Мыңдаған адам түрік және жапон байрағын алып шығып, алуан түрлі көрініс берді.


Шеруге Түркияның Токиодағы өкілетті елшісі Ахмет Бүлент Мерич, Теңіз күштері қолбасшысы Барлау департаменті төрағасы Намык Алпер, «Эртугрул» фрегатының батқанына 125 жыл болуына орай еске алу шарасы аясында Жапонияға келген «Гедиз» фрегатының қызметкерлері қатысты.


Айырықша шеруге түрік және жапон азаматтармен қоса шетелдік миссия өкілдері де келді.


«Эртугрул» фрегаты 1890 жылы 15 қыркүйек күні Жапониядан елге оралар кезде Иокогама порты маңында дауыл салдарынан апатқа ұшырады. Апатта түріктің 531 теңізшісі шәйіт болды. Осы тарихи апат түрік –жапон достығының негізі деп есептеледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар