Темекі компанияларына 15 миллиард долларлық айыппұл
Өкпе, өңеш рагы немесе басқа да рак ауруларына шалдыққандар ауруының деңгейіне қарай өзгеретін мөлшерде құн ақы алады.
Кебек штатында 2 миллион темекі шегуші темекі өндірушілеріне қарсы сот ашқан болатын. 2012 жылы басталған істе сот үш компанияның 15 миллиард доллар айыппұл төлеуіне үкім берді.
Үкімге қарағанда, темекі компаниялары 1976 жылдан бұрын темекі тарта бастаған және артынан рак ауруына шалдыққандарға 100 мыңнан, осы уақыттан кейінгілерге болса 90 мыңнан құн ақы төлейді.
Өкпе, өңеш рагы немесе басқа да рак ауруларына шалдыққандар ауруының деңгейіне қарай өзгеретін мөлшерде құн ақы алады.
Темекі компаниялары болса аппеляцияға жүгінеміз деп отыр.
Канаданың басқа штаттарында да темекі өндіруші компанияларға қарсы соттық істер жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Ирактан бір топ дәрігер Түркияға келді
Бұл туралы Медицина дипломатиясы қауымдастығы хабарлама жариялады.
Паралимпиадада тарихи табыс
2020 жылы Токиода 45-ші орын алған Түркия 2024 жылы Парижде 23-орынға көтерілді.