Халықаралық ТРТ деректі фильм жүлделері табыс етілді

Халықаралық категорияда үздік фильм сыйлығына «Тото мен қарындастары» атты голландиялық фильм қол жеткізді.

271062
Халықаралық ТРТ деректі фильм жүлделері табыс етілді

Биыл 7-ші рет ұйымдастырылған Халықаралық ТРТ деректі фильм сыйлықтарына 42 елден 348 деректі фильм келіп түсті.
ТРТ тарапынан тұңғыш рет 2009 жылы ұйымдастырылған және түрік деректі фильмін жетілдіру мен сапалы деректі фильмдерді көрермен қауымға ұсынуды мақсат еткен ұлттық деңгейдегі сайыс 2010 жылы халықаралық бір тұғырға көшті.
Әуесқойлар мен кәсіби деректі кинофильм режиссерлеріне қолдау беру, жергілікті және шетелдік деректі фильм режиссерлерінің басын қосқан платформаны құру мақсатты ұйымдастырылған сайыс ұлттық студент, ұлттық кәсіби және халықаралық 3 негізгі категорияда жүзеге асырылды.
Халықаралық категорияда үздік фильм сыйлығына «Тото мен қарындастары» (Toto and His Sisters) атты голландиялық фильм қол жеткізді.
Сыйлықтар ТРТ Бас директоры Шенол Гөка тарапынан табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар