Шәйіт түрік дипломаттар Нью-Йорктің Таймс алаңында еске алынды

Жас түріктер қоғамы Нью-Йорк қаласының белгілі Таймс алаңында шәйіт түрік дипломаттарын еске алды.

250265
Шәйіт түрік дипломаттар Нью-Йорктің Таймс алаңында еске алынды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 1915 жылғы оқиғаларға қатысты қауесеттерге қарсы «Армян қауесеттері жойылсын және шәйіт дипломаттарымызды еске алу күні митингі» ұйымдастырылды.
Жас түріктер (Young Turks) қоғамы тарапынан ұйымдастырылған және Әзірбайжан қоғамы өкілдері де қатысқан Таймс алаңындағы шеруде түрік және Әзірбайжан байрақтары желбіреді және 1974-1984 жылдары арасында армян террористтер тарапынан шәйіт етілген түрік дипломаттардың аттары оқылды.
Митинг алаңы алдындағы ғимаратта ілініп тұрған суреттің үстіне «Partner in Peace: #Next100Years» (Бейбітшілікте ортақ: #болашақ100жыл) жазылған дәу жарнама назар аударды.
Түрік Харс Одағы құрметті төрағасы Ибрахим Куртулмуш Армения және армян диаспорасына «Жек көрушілік енді жетеді» деп үн қатты.
Армян халқын үздіксіз қинаған бір ұлт ретінде көрсетуге күш жұмсалғанын атап айтқан Куртулуш шынында армяндардың Османлы басқаруында 600 жыл бойы шіркеулерін, тілдерін және ұлттық болмыстарын сақтағанын және Түркия Республикасының да мұны жалғастырғанын атап көрсетті.
Куртулуш армян диаспорасының алғашқы нысанасының Түркия Республикасын жою екенін тілге тиек етті.
Жас түріктер қоғамы төрағасы Тулга Текман болса Түрік-Американ қоғамы ретінде Түркияның бейбітшілікке сенген және абыройлы бір тарихқа ие екенін әрқашан түсіндіретіндерін баяндады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар