АҚШ-та түрік дизайн тобы 7 сыйлық бірден алды

Лос-Анджелесте 'Халықаралық дизайн Оскары' ұйымдастырылды.

233996
АҚШ-та түрік дизайн тобы 7 сыйлық бірден алды

Орташығыс Техникалық Университетінің (ODTÜ) «Designnobis» атындағы өнеркәсіптік дизайн тобына АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылған «Халықаралық дизайн Оскары» кешінде 7 сыйлық бірден берілді.
Университеттің ұстазы доктор Хакан Гүрсу жарыстың әлемнің ең абыройлы өнеркәсіптік жобалау сыйлықтары арасында орын алғанын атап, жобалар арасында «Солар Такси» дің алдынғы орында екенін білдірді.
Солар таксидің электр қуатымен жұмыс істейтін бір көлік ретінде жобаланғанын, сондай-ақ күн панельдері арқылы таза энергиямен де жүргенін түсіндірген Гүрсу осы жобаның Қатынас және алтернативті жанармаймен жүрген көліктер категориясында 2-ші орын алғанын атап айтты.
«Torchia Solar» атты жоба болса тасымалдана алатын қуаттандыру және жарықтандыру блогы үшін энергия көзі ретінде Күнді қолданғандарын білдірген Гүрсу солар панельдермен жинақталған энергияның қалта телефон сияқты тасымалдана алатын аппараттарда да қолданылуын қамтамасыз еткендерін атап көрсетті.
Гүрсу жедел жәрдем және апат болған жағдайда жарықтандыру және белгілеу жасайтын жобаның Жалғастырыла алатын тіршілік категориясында 1-ші орын алғанын атап айтты.
«Scorpion Lamp» деп аталған жобаның да қазіргі үстел шырақтарының бас пен бой биіктігін реттеу механизмдері себепті қысқа уақытта қолданыстан шыққанын және бұған шешім ретінде жобаланғанын айтқан Гүрсу кезкелген бір механизм болмай жобаның қалаған қашықтықта реттелетін бір өнім екенін жеткізді. Гүрсу, «Scorpion Lamp»-тің Үй жиһаздары мен жарықтандыру категориясында 3-ші орын алғанын атап айтты.
Гүрсу мен тобы осы төрт жобаға қоса замандас қала тіршілігіне лайықты «Taxi Station» деп аталған такси станциясы жобасы Сәулет категориясында, модульдік бөлшектерден тұратын және құрал құрастыруды қамтамасыз еткен инновациялық құрылғы «Modular Hand Tools» болса Бақ Мебелі және дизайн категориясында жюри сыйлығын алды.
Соңғы сыйлықтармен «Бүкіләлемдік сыйлыққа ие фирмалар» тізімінде алғашқы бестікке көтерілген Гүрсу мен тобының соңғы 8 жылда барлығы 135 дизайн сыйлығы бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар