Түрік футболшының бұйымдары әлемдік мұражайда болады

Хакан Шүкүр ФИФА-ның Цюрихтегі Әлемдік футбол мұражайында орын алады.

281084
Түрік футболшының бұйымдары әлемдік мұражайда болады

Хакан Шүкүр ФИФА-ның Цюрихтегі Әлемдік футбол мұражайында орын алады.


Түрік футбол тарихының ең үздік ойыншыларының бірі Хакан Шүкүр 2002 жылы Әлемдік кубокта Оңтүстік Корея құрама командасына алғашқы 11-ші секундта гол салып, рекорд жасаған болатын.


Түрік футболшы Супер лигада 249 голмен ең көп гол салған футболшы сонымен бірге 51 голмен Түрік ұлттық футбол командасында да рекорд иесі.


Шүкүр айырықша Еуропа кубоктарында Галатасарай киімімен салған 37 голымен де шыңда. Хакан Шүкүр түрік ұлттық формасын 100 мәртеден артық киген үш футболшының бірі.
Түркиядан басқа Италия және Ұлыбританияда да футбол ойнаған Шүкүр бірнеше рет әлем құрамасында да орын алды.


Әлемдік футбол мұражайында орын алатын бұйымдарын түрік футболшының өзі таңдайды.


Ол 2000 УЕФА кубогын жеңіп алғанда киген форма мен аяқкиімдерін және 2002 Әлем кубогында Оңтүстік Кореямен кездесуде киген форманы мұражайға беруді ойлап отырғанын айтты.
Түрік футболшы мұражайда көрмеге қойылатын бұйымдарын жақында тапсырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар