Лондон көрмесіне Түркия қолтаңба басты

Демалыс және саяхат көрмесінде туристік жерлер таныстырылуда.

203617
Лондон көрмесіне Түркия қолтаңба басты

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы атақты көрме залы Олимпияда басталған 20-шы Демалыс және саяхат көрмесіне Түркия қолтаңба басты.


Көрмеде елуден астам ел таныстырылуда. Соның ішінде Түркияның Лондондағы мәдениет және туризм кеңесшілігі стенд ашты.


Үш күндік көрмеде туризм саласында жұмыс істейтін компаниялар Түркияның демалыс орталықтарын таныстырады. Шамамен 20 жылдан бері осы көрмеге қатысып келе жатқан Түркия 2014 жылы Ұлыбританиядан келетін турист санын 3,5 пайыз арттырды.


Өткен жылы 2 миллионнан көп ағылшын Түркияға келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар