2-ші Халықаралық Бұғаз Фильм Фестивалі аяқталды

Үлкен жүлдені Қытайдан қатысқан «Фотосуретші» атты фильмі жеңіп алды.

209420
2-ші Халықаралық Бұғаз Фильм Фестивалі аяқталды

2-ші Халықаралық Бұғаз Фильм ФестиваліСтамбулда өтті.
Фестиваль аясында жүздеген фильм қойылымдары, сессиялар және таныстыру жұмыстары да ұйымдастырылды.
Фестивальде түрлі тақырыптағы түрік және әлем кинофильмдері көрсетілді.
Кинорежиссер Кемал Коч фестивальде қатысушының күтілгеннен көп болғанын білдірді.
Фестивальге сонымен Брэн Питт пен Джеймс Франко сынды әлемге әйгілі актерлер қатысты.
Фестиваль шеңберінде ұйымдастырылған қысқа фильм байқауына болса, 102 елден 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Фестивальде 15 салада жүлде берілді. ТРТ-нің де демеушілер арасында орын алған фестивальдің үлкен жүлдесін Қытайдан қатысқан «Фотосуретші» атты фильмі жеңіп алды.
Кинорежиссер Ху Вей жүлдені жұбайы және кіші қызымен бірге алды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар